9 мамыр Жеіс күні

1945 жылдың 9 мамыры бізден жыл сайын алыстап бара жатыр, дегенмен осы Ұлы күн біздің аталарымыз бен әкелерімізге қандай ұлкен бағамен келгенін біз бұрынғыдай ұмытпаймыз, және дәстүрлі түрде осы керемет және қайғылы мерекені біздің ардагерлерімізбен бірге қарсы аламыз. Жыл сайын біз қаза тапқандарды еске аламыз және тірі қалған ардагерлерге барынша қолдау көрсетеміз. ҰОС қатысушыларына және тылдағы еңбекшілерге арналған мереке ұйымдастырған кезінде біз тек бір мақсат көздейміз, олар біздің сүйспеншілігімізді, құрметімізді сезсін деген, және біз оларға ашық аспан үшін шексіз алғысымыз білдіреміз. Мереке ауқымында жыл сайын кәсіпорын оларға ақшалай сома бөліп отырады,  және осы кісіпорын мынадай соманы бөлді  – 560000 теңге (ҰОС 4-қатысушыларына 15000 теңгеден, 50- тылдағы еңбекшілерге 10000 теңгеден шықты). АҚ шекарасында 9 мамырға арналған өзінің ескерткіші бар және мәңгі от жанында ұжым және ардагерлер өзінің қайтыс болған достарын, туғандарын және жақындарын еске алды, оларды еске алуды үндемеушілік минутымен құрметтеді, гүлдер артты.  

Ұлы Отан Соғысы мен біздің кәсіпорын өмірі арасындағы тығыз байланысты негіз ретінде алып, тарихи мейрам және АҚ –ң 70-жылдығына арнап, жаңа мұражайдың ашылуы ұйымдастырылды, ол жерде кәсіпорын тарихының дамуы суреттер, тарихи құжаттар, экспозициялар, жалаулар, көптеген марапаттар және зауыт макеті түрінде көрсетілді.  Бағдарламаның ресми бөлімінен кейін қонақтар үшін мейрам дастарханы жасалды және әскери жылдардың өлеңдері айтылған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ардагерлер өз жастығын және достарын еске алды, жауынгерлік туралы әңгімелер айтты, соғыс және Ұлы Жеңіске арналған өлеңдер айтты.


 

 

 

Tel.: +7 7252 538382

E-mail: shymkentmay@donya.kz

     

 
МЕНЮ