Шымкентте отандық тауар өндірушілердің көрме-жәрмеңкесі өтті. Көрмеде Шымкент және Түркістан облысының әкімдерінің қатысуымен келген  қонақтарға қазақстандық кәсіпорындарда шығарылған  көп түрлі тауарлар түрі  ұсынылды. Бұл көрмеге «Шымкентмай» АҚ-да  қатысты. Кәсіпорында шамамен 700 адам жұмыс істейді. Компанияның өнімдері нарықта өз орындарын ұзақ және сенімді түрде иеленген.

«Шымкентмай» компаниясы ISO9001: 2015, ISO 14001: 2015 халықаралық стандарттарының жаңартылған нұсқаларына сәтті көшті. 2018 жылдың 12 ақпанынан бастап 16 ақпанына дейінгі кезеңде компания осы стандарттарға сәйкес сыртқы аттестаттау аудитін өткізді.
Инспекциялау, сараптау, тестілеу және сертификаттау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын «SGS Kazakhstan LTD» халықаралық компаниясының сыртқы аудиторлар командасы сапа менеджменті жүйесінің, экологияның, азық-түлік қауіпсіздігі мен энергияны басқарудың БМЖ-н тексеріп, сәтті өткенін растайды.

22 мамырда Шымкентте іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өтті, онда Қазақстан мен Өзбекстанның 400-ден астам кәсіпкерлері қатысты. Қатысушылардың бірі - «Шымкентмай» АҚ
Бизнес-форумның ұйымдастырушысы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің қолдауымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болды

2015 жылдың 30 қараша айында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің № 909 бұйрығымен жұмыс берушінің қызметін декларациалау ережесі (әрі қарай- Ереже) бекітілген,2016ж. 1 қаңтар айынан бастап күшіне енеді. Еңбек заңнамаларын сақтау үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында жаңа Еңбек Кодексіне сәйкес қабылданды.
Жұмыс берушінің қызмет декларациясы - бұл жұмыс берушінің берген өтініші негізінде, оның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес, тану іс-шаралар рәсімі болып табылады.
Шымкентмай АҚ өз қарамағынан ОҚО еңбек инспекциясының басқармасына Шымкентмай АҚ тәуелсіз кәсіподақ комитетімен бірлескен жұмыс берушінің қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау жөніндегі декларациалауға қатысу үшін декларациялау-өтінішін жазып тапсырды.

 

Tel.: +7 7252 538382

E-mail: shymkentmay@donya.kz

     

 
МЕНЮ